ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ — БАСТЫ ТАЛАП

Су айдындарында балық аулау кезінде адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл аудандық ТЖ қызметі су айдындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Балық аулаушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтауға арналған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтеншеліктердің айтуынша, көлдің немесе өзеннің жағалауынан балық аулауға кірісер алдында таңдалған жерді мұқият қарап, оның қауіпсіздік дәрежесін анықтау қажет. Ең алдымен жағадан үшкір тастарды, тікенекті бұтақтарды және басқа да қауіп келтіруі мүмкін заттарды алып тастау қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.