Орталықтың есігі әрдайым ашық

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» деп жатамыз. Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Ерте ғасырдан бергі ұлттық сана-сезімімізді, әдеп-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді әлі күнге дейін сақтап, жалғастырып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан да қолөнер екені анық.

Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманға ортақ қолөнер мәдениетін, халық арасында болған өзекті тарихи оқиғаларды бейнелеп, философиялық тұжырымға негізделгенін аңғаруға болады.
Халқымыз «Шебердің қолы ортақ» деп бекер айтпаса керек. Шебер үнемі ізденісте, талпыныста болуы қажет. Себебі, әр ғасырдың өзіне тән ерекшеліктерін сол қалпында кейінгі ұрпаққа жеткізу, үйрету басты мақсаты болып табылады.
Ауданымызда қолөнерге баулитын «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығының есігі оқушыларға, жастарға әрдайым ашық. Мұнда бойдағы қабілетті дамытуға, шыңдауға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Балнұр ЕСАЛИЕВА,
«Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығы қолөнер үйірмесінің жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.