Ақтау әуежайы қала маңында апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болған. Бірақ…

Фото: ТЖД

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау әуежайы қала маңында апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болғанын мәлімдеді. Бұл туралы asaaqparat.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, экипаж Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне енгеннен кейін Ақтау қаласындағы мұнара диспетчерімен байланыс орнатқан. Диспетчер ұшақты әуежайға қондыру үшін барлық қажет шараны дер кезінде қабылдап үлгерген.
«Ұшу-қону жолағымен визуалды байланыс орнатуды жеңілдету үшін ұшу-қону жолағының шамдары қосылған, экипаж Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жақындауға екі рет әрекет жасаған, осы кезде кеменің биіктігіндегі ретсіз өзгерістер байқалды. Ұшақ жағалау сызығына қарай ауытқиды, 11:28-де экипажбен байланыс үзіліп, ұшақ жерге құлады», – деді Қарабаев.

Сондай-ақ министр апат орнынан ұшақтың екінші қара жәшігі табылғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам Маңғыстау облыстық ауруханасында ем абылдап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.