Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Осыған байланысты Жамбыл ауданы тұрғындарынан жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтауды және өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды. Келесі ұсыныстарды сақтай отырып, сіз жылыту маусымында үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз:
— жаңа жылыту жабдықтарын орнатуды білікті мамандармен жүргізіңіз;
— жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы бойы әрбір үш ай сайын түтіндіктерді күйеден тазартуды ұмытпаңыз;
— есіктері жарамсыз, мұржалардан қабырғалардың ағаш конструкцияларына, аражабындар қалқаларына дейін жеткіліксіз жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;
— пештің жанында пеш алдындағы парақ (өлшемі кемінде 70х50 см) бекітілгеніне көз жеткізіңіз;
— жанып жатқан пештерді, жағылған керосиндерді, керогаздарды, примустарды, қосылған электр жылыту және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
— стандартты емес қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдалану үлкен қауіп төндіреді;
— пәтерде газ иісі болған жағдайда электр жарығын қосуға, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға болмайды. Бұл жағдайда жедел авариялық газ қызметін шақыру және ол келгенге дейін үй-жайды мұқият желдету қажет;
Төтенше жағдайлар орын алған кезде 101 немесе 112 қоңырау шалыңыз.
Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.