Ахметжаев жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді

Бүгін облыстық мәслихат депутаты Дәурен Ахметжаев пен аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков Бесағаш ауылдық округіне төселіп жатқан асфальт жұмыстарының барысын көрді. Тұрғындар өтінішіне сәйкес бірқатар көшелерге жол жабындысы төселуде. Облыстық мәслихат депутаты жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер мекеменің басшыларымен жолығып, жолды сапалы әрі барлық стандартқа сай етіп жасау керектігін, бақылау жұмыстары жүргізілетінін алға тартты. Сондай-ақ тұрғындармен жолығып, талап-тілектерін тыңдады

Жалпы, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтың айтуынша, Жамбыл ауданы бойынша жыл басынан 9,2 шақырым аудандық маңызы бар 4 жолды орта жөндеуге және 64,23 шақырым елді мекендердегі 71 көше жолдарын орта жөндеумен қамту жоспарланғанын барлығы 77 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделгенін айтты. Сондай-ақ мердігер мекемелердің жолды талапқа сай жасалуы зерделенетін тілге тиек етті

Leave A Reply

Your email address will not be published.