АЙЖАН КӨШКІНБАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Апта аралығында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың қатысуымен және Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының қолдауымен әр саланың қызметкерлері арасында төртінші рет өткізіліп отырған «Әулие ата үміті» үздік мамандар байқауың жеңімпаздары марапатталды.

Аталмыш байқауға аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айжан Көшкінбай қатысып, өзінің білім-білігімен мол тәжірибесінің арқасында жеңімпаз атанды. Әріптестері қайсар қызметшінің батыл, білікті де жігерлі қызметкер екенін айтады. Иә, Айжан өз жұмысына қажетті жеделдік пен зор жауапкершілікке ие.

Ол Жамбыл аудандық пробация қызметіне 2018 жылы ҚР ІІМ Қостанай академиясын бітіргеннен кейін келді.
– Бұл белес аудандық пробация қызметіндегі қызметкерлердің ортақ жеңісі деп білемін. Алда қоғам тыныштығын қамтамасыз ету жолында табандылықпен қызмет ете береміз. Мен полицияда қызмет еткеніме мақтанамын!, – деп әділет аға лейтенанты Айжан Көшкінбай өз қуанышымен бөлісті.
Жеңімпазға арнайы статуэтка, диплом және ақшалай (200 мың теңге) сыйақы табысталды. Салтанатты шара облыстық филармония әншілерінің концертімен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.