Әлем назарын аудартқан қазақ таланты

Қазақстан футболының жас жұлдызы Дастан Сәтпаевтың жарқын ойыны халықаралық спорт қауымдастығының назарын өзіне аударуда. Жуырда әлемдік футбол оқиғаларын анимациялық форматта кеңінен насихаттайтын танымал Hamid Sahari YouTube арнасы қазақстандық шабуылшы туралы арнайы бейнеролик жариялады. Арнаның миллиондаған тұрақты көрермені бар және оның видеолары әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол жанкүйерлеріне жол тартады. 

Бейнероликтің жарық көруіне Дастан Сәтпаевтың маңызды кездесуде соққан әсерлі голы себеп болған. Жас шабуылшының батыл қимылы, жоғары техникалық шеберлігі мен салқынқанды шешімі футбол жанкүйерлерінің ғана емес, халықаралық спорт контентін жасаушылардың да қызығушылығын оятты. 

Бұл – бір ғана ойыншының жетістігі емес, қазақ футболының жаңа белеске көтеріліп келе жатқанын аңғартатын маңызды белгі. Әлемдік аудитория алдында қазақстандық футболшының есімінің атала бастауы – отандық спорттың абыройын асқақтатып, жас буынға үлкен серпін береді.

  1. Дастан Сәтпаев бүгінде талантымен халықаралық сарапшылардың назарын аударған ең перспективалы жас футболшылардың бірі саналады. Оның жарқын ойыны мен голдары Қазақстан футболының әлемдік кеңістіктегі беделін арттыра түсуде. 
Leave A Reply

Your email address will not be published.