Аңсар Төлебаевтың шәкірттері Астанада алтыннан алқа тақты

Алтыннан алқа тағынды
Жуырда Астана қаласында 2010-2014 жылдар аралығында туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдодан Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектеп жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті деп хабарлайды http://asaaqparat.kz

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 600 өрен қатысып, түрлі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады.

Дүбірлі додада байрақты бәсекелерде топ жарып, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары Аружан Сүйінбек, Сезім Сланбек, Адия Беркімбай, Аяла Амангелді бозкілемде жасындай жарқылдады. Өз салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмеген Аружан Сүйінбек (26 келіде), Сезім Сланбек (29 келіде), Аяла Амангелді (+44 келіде) алтыннан алқа тағынса, ақтық сында қарсыласына жол берген Адия Беркімбай (33 келіде) күміс медальды иемденді.

Бапкер Аңсар Төлебаевтың шәкірттері 20 күн ішінде екінші рет қатарынан республикалық турнирде жеңіс тұғырының биік сатысынан көрініп, ауданымыздың намысын абыроймен қорғағанын айта кеткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.