АҚШ-та өткен UFC 287 турнирінде қарсыласын ойсырата жеңіп, 27 мың доллар алған қазақ кім?

Қытайда тұратын этникалық қазақ Сайран Нұрданбектің Майами UFC 287 турниріндегі жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды http://asaaqparat.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Сайран Нұрданбек АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Стив Гарсиядан екінші раундта нокаутпен жеңілді. Бұл — этникалық қазақтың әлемнің үздік лигасындағы екінші жеңілісі.

Спортшы үш кездесуде қарсыласынан басым түскен. Белгілі болғандай, Сайран Нұрданбек Майами UFC 287 турниріндегі жекпе-жегі үшін 27 000 доллар гонорар алған (22 000 доллар — кепілдік берілген гонорар, 5 000 доллар — демеуші бонусы). Ал этникалық қазақтың қарсыласы Стив Гарсия 71 000 доллар пайда тапты. Оның 33 000 доллары кепілдік берілген гонорар, 33 000 доллары — жеңіске жеткені үшін берілген сыйақы, 5 000 доллар — демеуші бонусы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.