АСАДА ӘУЕСҚОЙ ӘНШІЛЕР ҚАЛЫҚТАДЫ

Аудан орталығының демалыс паркінде өткен тартысты өнер сайысына он бестен астам аудан тұрғыны қатысты деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жандар Тоқсаба жылы лебізін білдіре отырып: «Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — караокемен әуестенетін жастардың шығармашылығын дамыту және жетілдіру, дарынды жастарды іздеу, қазақ авторларын және олардын әндерін насихаттау мақсатында өткізудеміз. Алдағы уақытта да мұндай байқау жиі өтетін болады»,- деді.

Ашық аспан астындағы караоке батл еркін форматта өтті. Әнге жаны құмар тұрғындар оның ішінде жастар ән салып, мәз-мейрам болды, өзгелерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қатысушыларға өнер саласында жүрген танымал әнші, «Жас қанат» байқауының жеңімпазы Сейілғазы Тәңірберген қазылық етті.

Озып шыққан әуесқой «әншілер» Асылмұрат Зауқымбек, Перизат Көптілеуова және Айткүл Әуелбековаға ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.