«Астананың» бұрынғы футболшысы не үшін сотталды?

«Астананың» бұрынғы футболшысы Рай Влут темір торға тоғытылды, деп хабарлайды asaaqparat.kz тілшісі «Мутко против» телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Урал» футбол клубының голландиялық ойыншысы Рай Влут баланың өліміне алып келген жол апаты үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нидерландының басылымы хабарлайды. Влуттың қатысуымен жол көлік оқиғасы 2021 жылдың қарашасында тіркелді. Сол уақытта футболшы төрт жасар баланың өмірін жалмаған апатқа кінәлі болды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Рай Влут 2022 жылғы маусымда елордалық «Астана» сапында өнер көрсетіп, 14 матчта бес гол соққан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.