Аудан әкімі дауыс берді

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

 

Ауданымызда Құрылтай депутаттарының сайлауы қызу өтіп жатыр. Дауыс берушілердің қарасы қалың. Елге ортақ іске аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы да үн қосты. Өңір басшысы Аса ауылында орналасқан №166 сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді.
– Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Елдің дамуына бейжай қарамайтын азаматтар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда. Бұл сайлау жаңару мен жаңғыру жолына түскен мемлекетіміз үшін де, азаматтарымыз үшін де маңызды. Сондықтан да белсенділік танытып, ортақ іске үлес қосып жатқан жандарға, үн қосып отқан азаматтарға алғыс айтқым келеді. Осылай бірлігіміз жарасса, еліміз дамиды, өсіп-өркендейді, – деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.
Айта кетерлігі, жергілікті жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сайлауды қызықты өткізу мақсатында аудан өнерпаздары сайлау учаскелері ғимараты алдында өнер көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.