АУДАНДА 38 АУЫЛ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

АУДАНДА 38 АУЫЛ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Аудан бойынша 42 елді мекеннің 38-і табиғи газ жүйесімен қамтылды (90,4%). Аудандағы 16 310 ауланың, табиғи газ жүйесімен 16 106 ауласы немесе 98,7%-ы қамтылған. Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерінің ауыл ішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды (446,6 млн.). Ал, осы 3 елді мекеннің магистралды газ құбырын тартудың ЖСҚ әзірленген, мемлекеттік сараптамадан жақын күндері шығады (шартты құны -236,5 млн.). Бұдан бөлек Сеңгірбай ауылына магистралды газ құбырын және ауыл ішілік газ құбыры құрылыс жобасының жобалық сметалық құжаттары әзірленуде (6,3 млн.). Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда қамтылу көрсеткіші 100% болады.2023 жылы Тастөбе а. (1,6 млн.), Еңбек а. (1,9 млн.), Ашыбұлақ а. (1,6 млн.), ауыл клубтары газдандырылады және Бірлесу –Еңбек ауыл. Жапарбеков көш. газ құбыры ағымды жөндеуден өтеді (6,8 млн.). Сондай-ақ аудандағы 42 елді мекендердегі трансформатолардың жалпы саны — 355 дана. Оның «Жамбыл аудандық электр жүйелері» ЖШС — 103, ТГЭС — 92 теңгерімінде, қалғаны аудандық әкімшілікте 129, жеке-меншікте — 31.

Жоғарыда аталған трансформаторлардың 235 – қоршалған, 127 – қоршалмаған (РЭС – 48, ТГЭС – 47, әкімдік – 19, жеке – меншік – 13). Оның ішінде жөндеу жұмысын қажет ететіні – 49.

Ауылдық округтердің ұсынылған ақпараттарына сәйкес аудан бойынша қуаттылығы төмен 25 трансформатор бар.

2023 жылы 10 елді мекеннің 20 көшесіне жарықтандыру орнатылады (116,9 млн.)

8 елді мекеннің ауылішілік бағаналар мен желілері тартылады, трансформаторлары және жарықтандыру құрылғылары ауыстырылады және жөнделеді (87,9 млн.).

Аудан бойынша бағаналар саны — 14 359 дана. Оның ішінде 8 710 – ағаш, 5 649 – бетон бағаналар.

Тозығы жеткен бағаналар – 5 144 (4782 – ағаш, 362 – бетон).

Leave A Reply

Your email address will not be published.