Ауыл шаруашылығы – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды салалардың бірі

Ауыл шаруашылығы – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды салалардың бірі. Тараз қаласы негізінен өндірістік бағыттағы өңір болғанымен, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асуы, инвестициялық белсенділіктің артуы және заманауи агротехнологиялардың енгізілуі нәтижесінде салада оң динамика қалыптасудa

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Тараз қаласында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,1 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 480 миллион теңгеге артық. Егер былтырғы бес айда бұл көрсеткіш 2,6 миллиард теңгені құраса, биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Бұл көрсеткіш саладағы жүйелі жұмыстардың тиімділігін және агроөнеркәсіп кешенінің даму әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.