АУЫЛҒА АЯЛДАМА ОРНАТТЫ

АУЫЛҒА АЯЛДАМА ОРНАТТЫ

ТҮЛЕКТЕР АУЫЛЫНА АЯЛДАМА ОРНАТТЫ

Бүгінде облысымызда «Асар» және «Жомарт түлек» жобалары жүйелі түрде қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде. «Ауылына қарап азаматын таны» деген қанатты сөздің төркінін кіндік қаны тамған елдімекен жұртышылыған артық ешкім түсіне бермесі ақиқат. «Суын да, құмын да, тасын да, қимайды екенбіз расында, ауылда туғандар білсе екен, бақ барын батпандай басында» деген өлең жолдары да ауылға деген қимастықтан туғандай көрінеді. Айтпағымыз, мемлекетімізден бөлек ауыл ажарын ашуға ауыл тұрғындары да білек сыбана кірісуде. Мәселен, Шайдана ауылының 1995 жылы туған азаматтары, Қ,Сартбаев атындағы орта мектептің 10 жылғы түлектері су жаңа аялдама орнатып, ауылдықтардың алғысына бөленді. Игі істің басы қасында жүрген қоғам белсендісі Нұрлан Әбеновтің айтуынша, әрбір азамат ауылға деген жанашырлығын көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс.

– Әрине, мақтанудан аулақпыз. Дегенмен ауылдың келбетті көрінуіне барлығымыз атсалысуымыз керек. Құрдастарымызбен бірлесіп, он күннің ішінде ауылға ене берген тұсқа заманауи үлгідегі аялдама салдық. Құрылыс жұмыстарына 500 мың теңге шамасында жұмсалды. Оның үстіне сыныптастарымыздың бәрі құрылыс жұмыстарын жақсы меңгерген. Дәнекерлеуші, сылақшы, архитектор саласы бойынша қиындық көрмедік. «Біткен істің басына, жақсы келер қасына» демекші, ауылдың қадірлі азаматы, кәсіпкер Әділ Байұзақов та өз үлесін қосып, ауылдың аты жазылған тақтайшаны аялдамаға орнатып берді. Алдағы уақытта ауыл азаматтарының бастамасымен арка орнату мәсесін де қозғап жатырмыз. Бұл іске де біркісідей қолдау білдіретін боламыз, – дейді Нұрлан Сұлтанұлы бізбен әңгімесінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.