Батаменен ел көгерер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірде ақсақалдардың қоғамдағы рөлі туралы: «Қазақ қай заманда да үлкенін сыйлаған, ақсақалдардың аталы сөзіне тоқтаған. Ал, аузы дуалы қарттарымыз әрдайым ұйытқысы болған. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген сөз содан қалған. Біз игі дәстүрлер мен қазіргі заманды үйлестіре білгеніміз абзал», – деген болатын.
Жамбыл ауданында ардагерлер арасында өткен «Батаменен ел көгерер» атты байқауда біз Мемлекет басшысы атап өткен даналықты аңғардық. Оны өткізуге мұрындық болып отырған облыстық ардагерлер кеңесі және ұйым жанынан құрылған билер кеңесі. Бұл байқауға әрбір ауылдық округтен бірбірден 14 батагөй қатысып, аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жиналған жұртшылыққа бата беріп, қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс көрсетті. Алдын ала жасақталған қазылар алқасы батагөйлер беретін батаның ой тереңдігі мен мазмұнына, сахна мәдениетімен қатар, батаның берілу шарттарына да баса назар аударды. Қазылардың шешімімен жамбылдық батагөй О.Рысбаев бірінші орынды, асалық ардагер Т.Байсүгіров екінші орынды, қаройлық қария Е.Қуандықов пен гродиковолық ақсақал К.Алдабергенов үшінші орынды иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Оларға марапатты облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б Сырлыбаев табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.