Баянды болашағымыздың белгісі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні біздің ынтымақтастығымыздың және Отанымыз үшін ортақ жауапкершіліктің, біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың нышанына айналды. Баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады. Бұл мереке – біздің еліміздің басты жетістігі мен стратегиялық артықшылығының белгісі. Бұл – ортақ тарихи тағдыр, ортақ болашаққа негізделген мызғымас азаматтық патриотизм мен ұлтаралық келісім.

Тәуелсіздіктің 32 жылдық кезеңіндегі тарих қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі арқасында кез келген қиындықтарды жеңіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды өз мақсаттарына жеткізуге болатындығын дәлелдеді. Еліміз қол жеткізген барлық жетістік – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілікті сезіне білген қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі. Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз – ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту. Осындай дәстүрлі құндылықтар халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра отырып, еліміздің тұрақты және серпінді әлеуметтікэкономикалық дамуының маңызды алғышартына айналды. Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты. Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін. Бейбітшілік пен келісім мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін. Осы күн әр шаңыраққа шаттық әкелсін.

Абдулхалил МАЮФИ, Полатқосшы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.