Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Аудан басшысының арнайы кубогы сарапқа салынған әзіл-қалжың тартысына 8 топ қатысты. Олардың арасында Республикалық жоғары және премьер-лигада өнер көрсетіп жүрген белгілі топтар да, әзіл сахнасына енді аяқ басқан құрамалар да болды. Екі кезеңнен тұратын ойында Ақбастаудан келген «Жақсы жағынан», көлқайнарлық «Байдың қыздары» және қаратөбелік «Амангелді жігіттері», асалық «Балақай», тоғызтараулық «Тұмар», ерназарлық «Арпа ішінде бір бидай» мен «Айшабибі» құрамасының жастары жиналған жұртшылыққа әдемі әзіл, қағытпа қалжың сыйлады.
Тартысты өткен кеш қорытындысында «Амангелді жігіттері» үшінші, «Байдың қыздары» екінші орынды иеленсе, тоғызтараулық «Тұмар» командасы бірінші орынды иеленді. Ал, аудан әкімінің кубогін «Балақай» құрамасы олжалады.
Аудандық әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» мен аудандық Мәдениет үйі ұйымдастырған сайыста қазылық еткен, республикалық жоғары лигада өнер көрсеткен «Тараз – 2000» құрамасының белді мүшесі Жалғас Жақсылықов пен «Аса – Тамаша» әзіл-сықақ театрының режиссері Құлжан Әбибулла қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.
Айта кетерлігі, жас та болса жарқ етіп шығып, көпшіліктің көңілінен орын алған саяхат маусымының жеңімпазы «Балақай» жайдарман тобының құрылғанына жарты жылдан асты. Топ құрамында өнер көрсетіп жүрген жастарды дайындап, аудан мерейін жоғары лигада көрсетіп жүрген танымал әзілкеш, №1 орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекзат Темірханның еңбегін атап өткен жөн болар.
Жеңімпаз топқа шығармашылық табыстар мен биік белестерді бағындырып, аудан мәртебесін биіктете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Жәнібек Айтбекұлы.