БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ТАПЖАНОВ ТӨРЕХАН ЖҰМАБЕКҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Тапжанов Төрехан Жұмабекұлы, 1965 жылы 10 қарашадаЖамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Крупская колхозында дүниегекелдім. Ұлтымқазақ. Білімімжоғары.

1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «инженер-құрылысшы», 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «есеп және аудит», 2014 жылы М.Х.Дулати атындағыТараз мемлекеттік университетін «мұнай газ инженері» мамандықтары бойынша бітірдім.

1984-1986 жылдары Кеңес одағының Қарулы Күштер қатарындаазаматтық борышымды өтедім. 1988-2022 жылдары В.И.Ленинатындағы политехникалық институтының пайдалы қазбалар мен кен орындарының технологияларын әзірлеу кафедрасындалаборант, №811 әскери құрылыс жасағында есеп технигі, «Индустрой» құрылыс басқармасының 3 разрядты ағаш ұсташы-бетоншысы, Жамбыл аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, №64 жол эксплуатациялық учаскесінде шебер, облыстық ішкі істербасқармасында учаскелік инспектор, Б.Бесбаев атындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, «Амангелдігаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман, жетекшімаман, механик, Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қарой ауылдық округінің әкімі лауазымдарын абыройменатқардым.

2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылқайнар ауылдықокругі әкімі болып қызмет атқарып келемін.

Отбасымда 2 ұл, 2 қыз өсіріп, тәрбиелеудемін.

БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАРЫМДЫ САЛАМЫН

Адам еңбегінен қуаныш таба білсе, бойына күш-қайрат қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Мен де еңбегіммен шабыттанып, маңдай терінен нәр алып жүрген азаматтың бірімін.

Бесағаш ауылдық округінің әкіміне үміткер ретінде төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

– ауыл тұрғындарын ауызсумен толықтай қамтамасыз етуге;

– ауылдық округте кезекте тұрған 1110 тұрғынға қосалқы шаруашылығын жүргізуге жер телімдерін беруге;

– 2030 жылға дейін ауылдық округ аумағын абаттандыруға және ауылдың көркеюіне жұмыс жасауға;

– ауылдық округте балабақша салуға инвестор табуға жұмыс жасауға;

– ауылдық округте балалар ойын алаңдары құрылысын жүргізуге;

– ауыл айналасында орналасқан дренаж каналдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

– ауыл тұрғындарының, оның ішінде ана мен баланың денсаулығы, яғни, ауылдағы медициналық және малдәрігерлік қызметтер сапасын арттыруға;

– Бесағаш ауылдық округінің ауылішілік көшелеріне толық түнгі жарық орнатуды кезең-кезеңімен жүргізуге;

– мал және егін шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасауға;

– жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікке тартуға қолдау көрсетуге;

– тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын ашық әрі әділ қарастыруға;

– ауыл мәселелерін халықпен бірлесе отырып шешуге;

– әкімдік қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге қосымша қаржыландыру көздерін қарастырамын және бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал етемін.

Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсаттарын іске асыру үшін тәжірибем мен білімімді жұмсауға, ел игілігі үшін белсенді жұмыс істеуге барымды саламын!

Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Тапсырыс беруші: Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидатТапжанов Т.Ж.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.