Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Қорғаушы не дейді?

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды деп хабарлайдыAsaaqparat.kz.

Мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін, дейді қорғаушы.

Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Оразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

Өткен аптаның соңында бізге Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазір іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Қылмыстық істің материалдарын толық көрдім, — деп жазды адвокат.

Қорғаушы қазір өлімінің мән-жайын айта алмайтынын жеткізген.

Менің мұндай істер бойынша тәжірибем жеткілікті, бұрын кісі өлтіру істеріне қатыстым, бірақ тіпті сарапшылардың қорытындысы мені таң қалдырды, мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін, -деп жазды Жанна Оразбахова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.