Д және Е санатындағы үйлерге рейдтік іс-шара жүргізілді

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

 

Бүгін аудандық «Отбасын қолдау орталығының» мамандары Д және Е санатындағы үйлерді аралап, рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы ерекше назарды қажет ететін отбасылардың тұрмыс жағдайын зерделеу, отбасындағы ахуалды бақылау және қауіптің алдын алу.

Рейд барысында мамандар тұрғындармен кездесіп, отбасы мүшелерінің жағдайымен танысты. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне, отбасындағы өзара қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, отбасыларға әлеуметтік қолдау түрлері түсіндіріліп, қажет болған жағдайда тиісті мамандардың көмегіне жүгіну жолдары туралы ақпарат берілді.

Мамандар отбасыларға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беріп, қиын жағдайлардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейдтік іс-шара барысында анықталған мәселелер назарға алынып, қажет болған жағдайда отбасыларға әлеуметтік сүйемелдеу көрсету жұмыстары жалғастырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.