Д ЖӘНЕ Е САНАТЫНДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

 Бүгін аудандық «Отбасын қолдау орталығының» мамандары Д және Е санатындағы үйлерді аралап, рейдтік іс-шара жүргізді.

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Рейд барысында әлеуметтік жағдайы төмен, өмірлік қиын жағдайға тап болған және ерекше назар аударуды қажет ететін отбасылардың тұрмыстық жағдайы зерделенді.

Мамандар әр отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына жеке тоқталып, тұрғындармен әңгімелесу жүргізді. Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалға, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігіне және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, үйлердің санитарлық жағдайы, балалардың тұрмыс жағдайы және отбасылардың әлеуметтік мәселелері қаралды.

Тұрғындарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау түрлері түсіндіріліп, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша кеңестер берілді. Қажеттілігіне қарай мамандар тарапынан тиісті әлеуметтік қызметтерді алу жолдары түсіндірілді.

Рейд барысында анықталған мәселелер бойынша әр отбасыға жеке бағыт-бағдар беріліп, алдағы уақытта қажетті әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.