Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Партия елдің әр саласын жақсы білетін мамандарды бір командаға жинаған. Мақсат – халықтың тұрмысын жақсартатын нақты шешімдер қабылдау. Яғни, жаңа кәсіпорындардың ашылуына жағдай жасау, жұмыс орындарын көбейту, кәсіпкерлерді қолдау, халықтың табысын арттыру, білім мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту.
Тізімдегі әр маман өз саласы бойынша жұмыс істейді:
??Асхат Аймағамбетов – білім беру жүйесін дамыту мәселелерімен айналысады;
??Бағдат Мусин – цифрлық қызметтерді жетілдіру және мемлекеттік қызметтерді халыққа қолжетімді етуді ұсынады;
??Ренат Бектұров – қаржы мен инвестиция тарту арқылы экономиканы дамытуға назар аударады;
??Владимир Басин – өнеркәсіпті дамытып, жаңа өндіріс орындарының ашылуына қолдау көрсетеді;
??Геннадий Зенченко – ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға күш салады;
??Зәуре Байсақова – әлеуметтік қорғау саласын жетілдіру, халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмекті күшейту бағытында жұмыс істейді;
??Динара Қайдарова – денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту мәселелерімен айналысады.
Тізімде еліміздің барлық өңірлерінің ерекшелігі ескерілген. Сонымен қатар жастар мен әйелдерге де шешім қабылдауға қатысуға мүмкіндік берілген.
“Әділет» партиясы кәсіби мамандардан құралған команда ретінде халықтың мәселесін көтеріп, елдің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экономиканың өсуіне және әр отбасының тұрмысының жақсаруына бағытталған бастамаларды ұсынуды мақсат етіпті.