Электронды үкімет — оңтайлы әрі тиімді

Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет» қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет» азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимыл жасамай әлеуметтік маңызды мәселелерге жауаптарды оралымды алуына мүмкіндік береді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы барлық мүмкін болар кедергілерді алып тастайды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

 

«Электрондық үкімет» – бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру және ішкі бизнес-процестерді жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі — АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы қарым-қатынастарының өзгерісі.

 

«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың негізгі мақсатттарына жатқызылатындар :

 

— мемлекеттік қызметті АКТ-ны пайдалану арқылы көрсету;

— азаматтардың мемлекеттік басқару үдерісіне қатысу дәрежесін ұлғайту;

— мемлекеттік қызметтің ішкі тиімділігін арттыру.

 

«Электрондық үкіметті» құру идеясын Қазақстанда бірінші рет ел президенті Н.Н. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерді. «Электрондық үкіметті» Қазақстанға ендіру мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мерзімдерін қысқартуға, әртүрлі мемлекеттік базаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың қызметін ізерлеу мүмкіндігіне, құрамы бойынша тиімді де оңтайлы мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.

Іңкар Сүлеймен, аудандық ХҚК орталығының жетекші маманы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.