Есептік жиын: Екі ай бұрын өткен кездесудегі өтініштер орындалды

Қыдыралыұлы: Ауылдарға құр есеп беру үшін бармаймыз

 

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ерназар мен Тоғызтарау ауылдық округі тұрғындары алдында есеп берді.

 

Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасын айтып өтті

 

 

— Ерназар мен Тоғызтарау ауылдық округі тұрғындарының алдына құр есеп беру үшін барғанымыз жоқ. Өткен жылдың қорытынды жиынында көтерілген бірқатар мәселе өз шешімін тауып отыр. Жергілікті кіші футбол алаңына жасанды төсеніш төсеуге қаржы қарасақ, шаруалар өтінген егістікке ағынсу жеткізу жұмыстары оң шешімін табуда.

Тоғызтарау ауылына Ерназар арқылы қатынайтын автожолда аяқталуға жақын қалды. Тоғызтарау тұрғындарының да талап-тілегі назарға алынды.

Дегенмен, ауыл жұртшылығы көптен бері қозғап келе жатқан мәселе бар. Ауылдағы ағайынның ауызбіршілігімен шешілетін жердің дауына тоқтау салатын бірқатар ұсынысты алға тарттық.

Президентіміздің Жарлығына сәйкес, әр тоқсан сайын ауылдарға барып, айтылған ұсыныс-пікірлерінің орындалуы барысын баяндайтын боламыз.

Жұма күні Қаракемер мен Өрнек ауылында боламыз,-делінген аудан басшысының жазбасында

Leave A Reply

Your email address will not be published.