Ескертілген, демек қаруланған

Бүгінгі күні Жамбыл ауданы білім беру мекемелерінде «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» бағдарламасы бойынша балаларды әртүрлі экстремалды және қауіпті жағдайлардағы, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарда, іс-қимылдарға дайындауға бағытталған сабақтар өткізілуде.

Жамбыл ауданы ТЖ қызметкерлері сабақ барысында, сондай-ақ онлайн режимінде өткізілген сабақтар барысында балаларға мектепте және үйде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері туралы еске салды, оқушылармен шұғыл қызметтердің шақыру телефондарын қайталады.

Жамбыл аудандық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуге бағытталған іс-шарасы өтті.

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және «Өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері» тақырыптары бойынша презентациялық материалдарды көрсетумен дәрістер мен әңгімелер өткізілді.

Нұржан Күдербай, Жамбыл аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.