Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Кіші футбол алаңының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев қатысып, ауыл азаматы Қуаныш Мұратбекұлына ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ Олжас Елебекұлы өңірде Айшабибі ауылындағы спорт алаңын қоса есептегенде 100- інші алаңша қолданысқа берілгенін атап өтті. Ауыл қариясы Жорабек Қалтаев пен әжелер де сөз алып, тұрғындардың ауызбіршілігін тілге тиек етіп, кәсіпкерге ақ батасын жаудырды. Ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары, жергілікті білім ордасының оқушылары би билеп, ән шырқап, көрермен көңілін көктем етті. Шараға қатысушыларға арналып дастархан жайылды. – Әрбір азамат туған елінің өркендеуіне аз да болса өз үлесін қосқаны абзал. Ауыл балаларына арналып салынған нысанға 5 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Ауылды көркейту – әр азаматтың міндеті. Балалар осында спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатын болады, – деді Қуаныш Мұратбекұлы бізбен әңгімесінде.