Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
№1 ХҚКО-да балаларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таныстырылып, мемлекеттік қызметтердің қалай көрсетілетіні егжей-тегжейлі көрсетілді. Экскурсия барысында ерекше назар цифрлық технологияларды қолдануға және кибергигиена негіздерін түсіндіруге аударылды. Сонымен қатар, балалар заманауи шешімдердің сервистерді қолжетімді және қауіпсіз етуге қалай көмектесетінін көрді.
Іс-шара аясында кішкентай қонақтар үшін ерекше кездесу ұйымдастырылды: олар 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Омаровпен танысты. Ол өзінің жобасы – робот-көмекшісін таныстырды. Бұл құрылғы келушілерді қарсы алып, кіреберісте жеке куәліктерді тексеруге және 360 градус камерасының көмегімен құқықбұзушылықтарды тіркеуге қабілетті. Презентация барысында балалар цифрлық технологиялардың практикада қалай қолданылатынын өз көздерімен көріп, өз идеяларын дамытуға шабыт алды.
«Балалар – біздің болашағымыз. Біздің басты мақсатымыз – оларға жарқын әсер сыйлау ғана емес, сонымен қатар цифрлық сауаттылықтың мықты негізін қалыптастыру болды. Біз олардың жаңа технологияларға деген қызығушылығын оятып, цифрлық кеңістікте жауапты әрі қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамытуға тырыстық», – деп атап өтті филиал директоры Батырхан Тоқтағұл.
Экскурсияның соңында балалар үшін «Құжатты тап» атты интерактивті ойын ұйымдастырылды. Қатысушыларға әртүрлі құжаттардың макеттері беріліп, олар бұл құжаттарды қай сектордан алу керектігін анықтауы тиіс болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері