ХҚКО кезекті брондаудың жаңа әдісі танымалдыққа ие болуда

Жамбылда мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі танымалдыққа ие болуда.

👨🏻‍💻Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 919 өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.

📌Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.

📱Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.

💡Айта кетер болсақ, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болады.

 

Новый способ бронирования очереди в спецЦОН пользуется популярностью в Жамбылской области

👩🏻‍💻Через приложение «ЦОН» поступило 919 заявок на бронирование очереди на сдачу экзаменов в спецЦОНах. У граждан отпала необходимость обращаться в центр для подачи заявления на получение первичного водительского удостоверения. Они могут сделать это онлайн через приложение во вкладке «Услуга по видео».

📌Благодаря сервису граждане могут существенно экономить время. Так, ранее, для того, чтобы сдать теорию, услугополучателю нужно было приехать в спецЦОН, получить талон, дождаться очереди, подать заявление у оператора и только после этого пройти в экзаменационный класс. Сейчас эти этапы проходить не обязательно. Клиент может явиться сразу на теоретический экзамен в обозначенное время, которое он забронировал ранее. А после успешной сдачи теории, можно также забронировать очередь на практику через приложение «ЦОН».

📱Отметим, что через видеозвонок можно не только забронировать очередь, но и подать отсканированные копии документов на получение водительских прав. Среди них медицинская справка, фотография услугополучателя, фото подписи, сертификат об окончании автошколы в случае прохождения обучения и чек об оплате госпошлины. Все документы необходимо прикрепить в диалоговом окне.

💡К слову, приложение доступно к скачиванию в Google Play и App Store.

Leave A Reply

Your email address will not be published.