Инфекция таралып кетпесін деп…

Әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде экономикасы дамыған мемлекеттерде денсаулықты сақтаудың түйінді мәселелерінің бірі ауруханаішілік инфекциямен күрес болып табылады. Бұл ауру эпидемиологиялық таралуы мен асқынуы жағынан ерекше сипатталады. Індет бүгінде әлемнің барлық еліндегі емдеу мекемелерінде кеңінен таралып, денсаулық сақтау орындары үшін өте күрделі мәселеге айналды. Ауру қоздырғышына әртүрлі бактериялар, вирустар, саңырауқулақтар жатады. Мұның барлығы, яғни, осындай инфекциялар негізгі аурулар ағымын тездетіп, науқастың өміріне қауіп төндіреді. Ауруханадағы науқастардың емделу уақытын ұзартады және үлкен экономикалық дағда­рысқа әкеліп соғады.
Кеселдің алдын алу үшін бір рет қолданылатын төсек орындарды, сүлгілерді, қолғаптардың көзін жойып, іріңді және таза палаталарды, бөлімдерді, операция жасау бөлмелерін және медициналық құрал-жабдықтар бөлмелерін залалсыздандыру қажет.
Ауруханаішілік инфекциямен күресу шаралары аурудың қоршаған ортасынан басталады. Онымен табысты күресу үшін эпидемияға қарсы шаралар кешенін уақтылы және дұрыс ұйымдастырған жөн.

Жұлдыз Момбекова,
Жамбыл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау басқармасының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.