Жамбыл облысында өнеркәсіпті дамыту мен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соның жарқын мысалдарының бірі – «Талас» индустриялық аймағының субзонасында іске қосылған «Karatau Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жаңа кәсіпорын бүгінде алғашқы өнімін шығарып, өндірістік қуатын біртіндеп арттыруда
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Кәсіпорын өндіріс орындарын орналастыруға арналған қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген аумақта орналасқан. Индустриялық аймақта бұдан бөлек «Talas Investment Company» және «АзияХим» кәсіпорындары да жұмыс істейді.
Жобаны іске асыруға 2024–2025 жылдары шамамен 3 миллиард теңге көлемінде шетелдік инвестиция тартылды. Кәсіпорынның негізгі өнімі – натрий пиросульфиті. Бұл химиялық өнім тамақ және химия өнеркәсібінде, медицинада, сондай-ақ алтын өндіру саласында кеңінен қолданылады.
Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты – 24 мың тонна өнім өндіру. Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша мұнда 2 335 тонна натрий пиросульфиті өндірілді. Бұл кәсіпорынның өндірістік қуатын кезең-кезеңімен толық игеріп келе жатқанын көрсетеді. Алдымен өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге бағытталса, алдағы уақытта экспорт көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда кәсіпорында 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі – Талас ауданының тұрғындары. Бұл жаңа өндірістің халықты жұмыспен қамтуға және жергілікті кадрлардың әлеуетін арттыруға қосып отырған нақты үлесі.
Кәсіпорынның құрылтайшысы – Түркиядағы ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі Koyuncu Group. Көп жылдан бері түрлі өндіріс салаларында жұмыс істеп келе жатқан компания химия өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, автомобиль бизнесі және басқа да бағыттарды дамытып келеді. Осындай халықаралық инвестормен әріптестік өңірдің инвестициялық әлеуетінің артып келе жатқанын аңғартады.