Италияда құтқарушылар жасанды экстремалды ортада жаттығады

Италияның Больцано қаласында құтқарушылар түрлі климатқа сай жасақталған орталықтарда арнайы жаттығудан өтіп жатыр. Мұнда қолдан жасанды боран соқтырып, минус 40 градусқа дейін аяз немесе 60 градусқа дейін аптап ыстық орнатуға болады.

Эстремальды орта табиғи жағдайға өте жақын. Бұған дейін құтқарушылар жаттығу жасау үшін таулардың басына шығып, көп уақыт жоғалтатын. Аталған ғимаратқа шынығу үшін биік шыңдарға шығуды жоспарлаған спортшылар мен экстремалдар да келіп жүр.

Кристиан Штюрер, орталық басшысы:

— Біз 9 мың биіктікте болатын табиғи жағдайды қолдан жасап отырмыз. Сынақтан өту үшін шалғай жерге барып, өміріңізге қауіп төндірудің түк қажеті жоқ. Біз осы бөлмелерге кірген адамдардың денсаулығын, жай-күйін бақылаймыз, тіркейміз, ғылыми зерттеуге айналдырамыз, оның нәтижесін жариялаймыз.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.