Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Соңғы кездері интернет-алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде «OLX», «Kolesa.kz» сайттарында және Telegram, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде белсенді болып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді.
Полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желілерде алаяқтарды анықтау оңай емес. Бұл – өте мұқият, күрделі және көп қырлы жұмыс.
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Сәпиев бастаған жеке құрам Жамбыл ауданы аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын өткізіп, жадынама парақшаларын таратуда.
Профилактикалық сипаттағы буклеттер хабарландыру тақталарына, үйлердің аулаларында, сондай-ақ дүкендерде орналастырылды.