Бүгін Петропавл қаласында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының «Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы: өңірлердің көзқарасы» тақырыбындағы отырысы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Іс-шараға жетекші сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, заңгерлер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және өңірдің Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Сараптамалық алаң қатысушылары конституциялық реформалардың өңірлік өлшемін, жаңа Конституцияны іске асырудағы жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғамның рөлін, қоғамдық диалогты, саяси партияларды және қоғамдық қатысудың жаңа институттарын дамыту мәселелерін талқылады.