Марат — әлем кубогын жеңіп алды

Румыния мемлекеті Констанца қаласында қыркүйек айының 15-18 күні аралығында қазақ күресінен өткен әлем кубогінде 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Марат Нигматуллаев қарсылас біткенді қапы қалдырып, бірінші орынды жеңіп алды. Бапкері Димир Хабибуллаевтың сенімін ақтаған бесағаштық Марат бірінші айналымда Куба елінің балуанын айқым басымдылықпен ұтып, екінші айналымда жергілікті Румыния мақтанышынан басым түсті. Жүгенсіз жеребе ақтық сында еліміздің қос балуанын боз кілемге шақыртты. Мұнда да Марат жерлесі Бекжан Төлегеновтен ұпай санымен жеңіске жетті. Ақтық сында Молдова елінің балуынымен жолыққан ол есесін жібермей, жауырыны жер көрмей, қоржынға алтын медальді салды. Ауданымызға жеңіспен оралған балуанды ауылдастары жылы шыраймен қарсы алып, ақ батасын берді..

 

аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.