Мәселелер шешімін табуы тиіс

Комиссия отырысына ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл аудандық бөлімшесінің және аудандық прокуратураның өкілдері, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының инспекторлары, Ақбастау, Ақбұлым, Полатқосшы ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық білім бөлімінің, аудандық емхананың қызметкерлері мен комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер – кәмелеттік жасқа толмаған 4 жасөспірімнің мектепке хиджаб киіп баруы; Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2 оқушысының 2 айдан бері сабаққа қатыспауы; Нұровтар отбасындағы келеңсіз жағдайлар қаралып, комиссия мүшелері тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

Мақсат ЖҰМАБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.