Мелекеттен грант алған кәсіпкерлер өнімін қайда шығарып жатыр?

Бүгін Тараздағы Орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Талас, Шу,ү Мойынқұм, Сарысу, Тұрар Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылды. Сонымен қатар жәрмеңке сөресіне жұмыспен қамту бөлімінен түрлі бағдарламалар арқылы грант алған кәсіпкерлердің өнімі де шығарылды.

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жәрмеңкені аралап, тауар бағаларын өз көздерімен көрді.

Айта кетейік, осы аптадағы жәрмеңкеде ет өнімдері (ірі қара мен қой еті, қазы-қарта, жал-жая. балық, шұжық, құс еті) және жұмыртқа, сүт өнімдері, бакалея өнімдері (күнбағыс майы, ұн, макарон, бал) және жеміс-жидек пен көкөніс түрлері сатылымға шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.