Мемлекет басшысы жаңа жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Asaaqparat.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

«Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

  • Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  • Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.