Мерейлі мамандық иелері марапатталды

Аудан орталығы Аса ауылының орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік жиын жоғары деңгейде өтті. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы еңбек адамдарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Олардың еселі еңбегін лайықты бағалап, бірқатарына марапат ұсынды.
– Сіздерді Ауыл шаруашылығы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл сала – ел азаматтарының өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты саласы. Агроөнеркәсіп кешені барлық уақытта ел дамуының локомотиві болып келеді.
Биыл 58971 гектар жерге егілген дақылдардан ойдағыдай өнім алынды. Жем-шөп қоры жеткілікті мөлшерде дайындалды. Күзгі дала жұмыстары толығымен тиянақталды. Егіншілікте су үнемдеу технологиясының көптеп енгізілуі де өнім молшылығына жол ашты, – деген өңір басшысы агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Өрнек ауылдық округінің мал дәрігері Нұрғали Махашовқа облыс әкімінің Алғыс хатын, «Южный шарап цехы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технологы Кенжетай Құрманқұловқа, «АТБ» шаруа қожалығының басшысы Тимур Алмазовқа, Айшабибі ауылдық округінің аға мал дәрігері Серік Дүйсембиевке Құрмет грамотасын, Гродиково ауылдық округінің аға мал дәрігері Нәби Ешмұратовқа Алғыс хатын табыс етті.
Келесі кезекте Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рүстем Бегалиев пен аудандық фермерлер одағының төрағасы Аманалы Құрбанов көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Байелі-Болыс» шаруа қожалығының басшысы Жұмасейіт Нұрбаевқа, «Тастөбе» шаруа қожалығының басшысы Жақсынбек Жамансариевке, Бесағаш ауылдық округінің аға мал дәрігері Тұрғынбек Сражиевке Жамбыл ауданының Құрмет грамотасын, еңбек ардагері Амангелді Боранбаевқа «Ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» куәлігін, «Тимофеев» шаруа қожалығының басшысы Андрей Тимофеевке, Жамбыл ауылдық округінің мал дәрігері Жарқынбек Жүнісбаевқа Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалін, Жасөркен ауылдық округінің аға мал дәрігері Еркебұлан Абдраймовқа, Ерназар ауылдық округінің аға мал дәрігері Гүлнар Жақыпбековаға, Ветеринариялық қызмет кәсіпорнының бірдейлендіру маманы Әсел Тубаеваға Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін табыстады.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов пен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Аманов салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жергілікті кәсіпкерлер мен шаруаларды аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.