Меркіде Жамбыл ауданының абыройын асқақтатқан қос балуан кім?

assaqparat.kz

Меркі ауданындағы Кеңес ауылында 2009-2011 жылдары жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен облыстық ашық біріншілік самбо және қазақ күресінен спорт шебері Мұхит Рахышовты еске алуға арналды.

Оған облысқа қарасты барлық ауданнан және Тараз қаласынан, сондай-ақ өзге де облыстардан жас балуандар қатысты.

Ашық турнирде біздің ауданның өрендері де бақ сынады. №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мақтаныштары Абылай Нәдірбай мен Нұрасыл Серік 23 келі салмақта күресіп, ақтық сынға дейін қарсылас шыдатпады. Ақтық сында екі дос әрі сыныптас бір-бірімен кездесіп, өз салмағындағы арнайы белбеу мен 200 000 теңгені кім алатынын анықтады. Абылай Нұрасылды ұпай санымен ұтып, алтыннан алқа тағынды.

Бапкері Аңсар Төлебаев қол астында жаттығатын Абылай мен Нұрасыл алдағы уақытта бәсі биік бәсекелерде бақ сынайтынын, ендігі жарыстарда екеуі бір салмақта емес, бөлек салмақтарда күресетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.