Мобильді топ өкілдері Шайқорық ауылында

Бүгін “AMANAT” партиясы облыстық филиалының мобильдік қабылдау тобы Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылдық округінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді деп хабарлайды asaaqparat.kz

Округке қарасты Шайқорық, Шәкен Ниязбеков, Қапал, Қоңыртөбе, Танты ауылдары және Шайқорық темір жол стансасында 7 500-ге жуық халық тұрады.

Ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелер аз емес. Мәселен, тұрғын үй соғу үшін жер телімін алу. Тұрғындар 2008 жылы кезекке тұрғандар әліде болса жер алмағанын жеткізді. Бүгінгі таңда округте 700-ге тұрғын жер кезегінде тұр. Жергілікті әкімдік оларға жер беру үшін ауылдағы 14 шаруа қожалығының жерін алу үшін келіссөздер жүргізуде. Нәтижесінде 78 гектар жер қайтарылатын болады. Осылайша, жыл соңына дейін ол жерге тиісті инфрақұрылым жүргізілмек. Бұл жұмыстар толығымен аяқталған соң келе жылдан бастап кезекте тұрғандарға жер телімдері беріле бастайды.

Айта кетерлігі, облыс орталығына жақын орналасқан Шайқорық ауылы Тараз қаласының бас жоспарына сәйкес шаһар аумағына енгізу жоспарлануда. Бұл әрине Үкімет деңгейінде шешілетін мәселе. Дегенмен тұрғындар ауыл қала құрамына кірген жағдайда жер кезегі жойылып кете ме деген мәселені де көтерді. Бұл орайда, Жамбыл ауданының әкімдігі Тараз қаласының әкімдігіне тұрғындардың жер кезегін сақтап қалу бойынша ұсыныстарын жолдаған. Сондықтан ауыл халқының жер кезегі бойынша алаңдауы заңды.

Шайқорық ауылының экологиялық жағдайы баршамызға белгілі. Өйткені, елді мекен «Касфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» зауыты мен қаланың кәріз суы жиналатын аймаққа жақын орналасқан. Сол себепті тұрғындар ауылды жасыл желектендіру мәселесін де атап өтті. Бұл бағытта өткен жылы 4,5 мың тал-дарақ егілсе, биыл тағы 2,5 мың тал егіліп жатыр.

Негізгінен егінмен айналысатын ауыл тұрғындарын су мәселесі де алаңдатып отыр. Биыл елді мекенге ағын су Аса-Талас өзені арқылы келеді. Ол үшін шаруа қожалықтары «Казсушар» мекемесімен келісімшарт жасасу керек.

Ауылдық округте электр бағаналарының жағдайы мәз емес екен. Тұрғындардың айтуынша, ондағы бағаналар 1987 жылы тұрғызылған екен. Ашығын айту керек, ондағы бағаналар биыл толық ауысып кетпесе де апаттық жағдайда тұрғандары қалыпқа келтірілетін болады.

Сондай-ақ, тұрғындар ауыл сыртындағы жерлер мақсатсыз пайдаланылып жатқанын да атап өтті. Мұндай жерлер алдағы уақытта партияның «Жер аманаты» комиссиясы арқылы қаралып, пайдаланусыз жатқан жерлер ел игілігіне қайтаруға жұмыс жасалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.