Мұғалімдердің мәртебесі артқан күні

Ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі қашанда қошемет пен құрметке лайық. Қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін ұстаздардың кәсіби мерекесі Тараз қаласындағы «Арай Плаза» бизнес орталығының ғимаратында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Сәкен Арубаев өңірдегі білім саласының жетістіктері мен сол жолда атқарылып жатқан оң істерге тоқталды. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін бірқатар азаматты марапаттады.

Толығырақ айтсақ, Б.Кейкиев атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Мұхамеджан Тағайбаев, Абай атындағы орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Қуатгүл Сисенғалиева, №2 орта мектептің биология пәні мұғалімі Әлия Бегайдарова, Жасөркен орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зухра Сарсембаева аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сауле Смаилова, Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Боранбаева, аудандық білім бөліміне қарасты психологиялық-педогогикалық түзету кабинетінің педагогы Роза Бекманбетова, «Сәуле» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ақбота Бесбаева, Айшабибі орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахат Елеманова, Ә.Әйтиев атындағы орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Балжан Сүлейменова аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Әуезді ән мен мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасқан шарада марапат тапсыру одан әрі жалғасын тапты.

Жиында сөз алған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қуаныш Қарашолақов ұлағатты ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің директоры Сарбиназ Қосановаға, Матросов атындағы негізгі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Замира Болысбековаға, Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Айжан Омароваға Жамбыл ауданының Құрмет грамотасын табыс етті.
Салтанатты шарада Айшабибі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Казна Яхудаева, Антон Макаренко атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Кусёва, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Серік Бақытов, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Саят Патаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Жұмакүл Мирова облыс әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Гродеково орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шахадат Багизова, Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Алтай Бидалиев, Еңбек орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұқан Усивалиев, В.Чкалов атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ақмарал Байтленова, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Перизат Қалбанова облыс әкімдігі білім басқармасының Алғыс хатын иемденді.
Бұл күні саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған арда­гер ұстаздарға да құрмет көрсе­тіліп, сый-сияпат жасалды. Білім саласында жоғары жетіс­тікке жеткен, халықаралық, респуб­ликалық, облыстық олим­пиа­да­ларда топ жарып, аудан намысын асқақтатып жүрген ұстаз­дар мен оқу­шы­лардың есімі ерекше аталды.
Әріптестерін төл мерекесімен құттықтаған аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ернар Тәжібаев бірқатар мұғалімді кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапаттады.
Ұстаздар күніне арналған жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Шайқорық орта мектебінің директоры Алма Жатқанбаева мен «Ертөстік» бөбекжай-бақша­сының меңгерушісі Өріккүл Тастанованы білім саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектеріне алғыс білдіріп, қос ұстазға камзол кигізіп, зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Салтанатты шараның соңы М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің өнерпаз жастары­ның ұстаздарға тарту ретін­де әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.
PS: Түйіндей келгенде әр үйдің тентегін тезге салып, бар өмірін ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болып өсуіне арнаған ұстаздар қауымына қалай құрмет көрсетсек те жарасады. Басшы да, ғарышкер де, басқа да сала қызметкерлерінің бәрі ұстаздың алдынан тәлім алғанын ұмытпайық.

Жәнібек АСАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.