Наурыз-сәуір айларында Жамбыл ауданында 4000 түрлі ағаштар отырғызылған

Жамбыл ауданында өткізілген 5 сенбілікте 4000 түрлі ағаштар отырғызылған

 

Жамбыл ауданында наурыз-сәуір айлары тазалықтың екі айы болып бекітіліп, аудан тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру мақсатында жергілікті ақпарат құралдарында хабарлама жарияланды. Бүгінгі күнге дейін аудандық мекемелер мен ауылдық округтерте 5 мәрте санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылған. Оған 4405 азамат, 102 техника қатысып, 101 тонна қоқыс шығарылып, 4000 түб туя, терек, қара тал, жеміс талдары отырғызылды.

Атап айтар болсақ, Аса ауылдық округінде 180, Ақбастауда 40, Ақбұлымда 25, Айшабибіде 15, Бесағашта 650, Гродековода 30, Ерназарда 350, Жамбылда 1000, Көлқайнарда 464, Қаройда 80, Қаратөбеде 20, Қаракемерде 70, Қызылқайнарда 150, Өрнекте 216, Қарасуда 260, Полатқосшыда 250, Тоғызтарауда 200 түп түрлі ағаштар егілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.