Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Бұл – ел өміріндегі маңызды саяси науқан ғана емес, әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіретін жауапты сәт. Бүгін біз дауыс бере отырып, өз азаматтық ұстанымымызды танытып, мемлекетіміздің ертеңіне қатысты таңдауымызды жасаймыз.
Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар жүзеге асып, мемлекеттік басқару жүйесі жаңарып, қоғамдық институттардың рөлі артып келеді. «Заң мен Тәртіп» қағидаты нығайып, халықтың үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру бағытында нақты қадамдар жасалуда. Жаңа Конституция – осы өзгерістердің берік құқықтық негізі болса, Құрылтай – қоғамның пікірін ескеріп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтатын маңызды институт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Бұл сайлау халқымыздың игілігіне қызмет ететін тың реформаларға бастау болып, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады».
Сондықтан бүгінгі таңдау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әр дауыс маңызды. Әр таңдау маңызды. Әр азаматтың белсенділігі елдің болашағына әсер етеді.
Жамбылдықтар елдік маңызы бар бастамаларға әрдайым белсенді қолдау көрсетіп келеді. Бүгін де облыс тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысады деп сенемін.
Өңірдегі 520 сайлау учаскесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған.
Ендеше, өз таңдауымызды жасайық. Ел болашағына бейжай қарамайық.
Біздің ортақ мақсатымыз – тұрақты ел, берекелі қоғам, әділетті мемлекет және жарқын болашақ.»- деді Ербол Қарашөкеев.