Облыста 800 шақырымға жуық жолдарға асфальт төселуде

АЙМАҚТА 477 ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

 

2023 жылы жол саласына 24,7 млрд.теңге бөлінген. Есебінен 3,3 шақырым көше жолдарын құрылыспен /«Бурыл А,Б,В»/, 11,4 шақырым қайта жаңғыртумен /Шостокович, Саңырақ батыр, Мамбет батыр, Қаратау қ. 2 нысан/ және 777,3 шақырым жол орта жөндеумен қамту жоспарланған.

Оның ішінде:

137 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;

105 шқ – аудандық маңызы бар;

550 шқ – елді мекен көшелері.

Барлығы 477 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделіп отыр.

Оның ішінде:

— «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен – 33 жоба немесе 242 шқ.

— «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 215 жоба немесе 261 шқ.

— «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 4 жоба немесе 10,4 шқ

— «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 2 жоба немесе 4,3 шқ.

— Жергілікті бюджеттерден – 223 жоба немесе 274 шқ.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асырылатын:

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жоспарланған 15 жобаның /5 жоба 2022 жылдан өтпелі/ бүгінде 2022 жылдан өтпелі 5 –уі пайдалануға берілді /37,7 шқ/, 3 жаңа нысанда асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталып /35,9 шқ/, жол жиегін нығайту, жол бойы элементтерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Шілде айының соңына дейін пайдалануға беретін боламыз. Қалған 7 нысанда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жоспарланған 18 жобаның 9 нысанында жұмыстар басталып жүргізілуде. Қалған нысандарда мердігермен техникалар мобилизациялау сатысында.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 215 орта жөндеу жобаларының бүгінгі таңға, 103 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 74 жобада немесе 70,9 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары аяқталған.

Тараз қаласы және аудандарда жергілікті бюджетер есебінен 223 орта жөндеу жобаларын іске асыру жоспарланған. Бүгінде, 51 жобада немесе 49,4 шақырымда асфальт төсеу жұмыстары аяқталған, 51 нысанда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 Одан бөлек, Тараз қаласында 2022 жылдан өтпелі Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту жобасы аясында жол жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталса, Саңырақ батыр, Шостокович көшелерін қайта жаңғырту қарқынды жүруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.