Оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған

«PIRLS-2021» халықаралық зерттеуі – түрлі елдердегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстыруға, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу.

Халықаралық зерттеу келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
– нақты өлшеуіштерді және білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды бейнелейтін инструментарийді жасақтау;
– оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін салыстырмалы бағалау;
– зерттеу қорытындыларына әсер ететін факторларды анықтау;
– әлемдік қауымдастық мақұлдаған ғылыми-негізделген ақпараттық мәліметтерді алу;
– зерттеу қатысушыларына білім беру саясатын жақсарту бойынша ұсыныстарды беру міндеттерін шешеді.
Зерттеу бес жылда бір рет өткізіледі. Осы уақытқа дейін халықаралық зерттеулер 2001, 2006 және 2011 жылдары өткі­зілсе, 2016 жылы Қазақстан бірін­ші рет зерттеуге қатысқан. Биыл халықаралық зерттеуге әлемнің 60-тан аса елі қатысуда. Еліміздегі мектептердің халықара­­лық мəтінді оқу жəне түсіну сапасы емтиханына қаты­суы қазақстандық балалар мен жас­тардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған негізгі меха­низмдердің бірі болып табылады.
Бұл зерттеуде төртінші сыныпты бітіріп жатқан оқушылардың білімі тексеріледі. Өйткені, төртінші сыныпты тәмамдаған балалар дамуының негізгі кезеңі болып есептеледі.
Жуырда аудандық білім бөлі­міне қарасты Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі мен Амангелді атындағы орта мектептерінде «PIRLS-2021» халықаралық зерттеуі өткізілді. Оған Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің орыс сыныбынан 17 оқушы, қазақ сыныбынан 25 оқушы қатысса, Амангелді атындағы орта мектептен 20 оқушы өз білімдерін сарапқа салды. Сонымен қатар, білім алушылардың ата-аналары, сынып жетекшілері мен жергілікті әкімшілік қызметкерлері өздеріне қатысты сауалнамаға жауап берді.
Халықаралық зерттеуді өткізген республикалық ұлттық үйлестіруші Назым Сманова мен облыстық үйлестіруші Шафиға Жамалбекова зерттеуге қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, сертификат табыс етті.

Айсұлу Бейбітова,
аудандық білім бөлімінің әдіскері, «PIRLS-2021» халықаралық зерттеудің аудандық үйлестірушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.