ТОПЫРЛАҒАН ОҚУШЫЛАР ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА НЕГЕ ЖҮГІРДІ?

Таяуда аудандық орталық кітапхана  жанынан құрылған  «Халық өнері-асыл қазына» клубының ұйымдастыруымен «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Өнерлінің қолы алтын» тақырыбында кездесу өтті.

Бір қызығы оқушылар орталық алаңнан партия ғимаратына қарай қаз-қатар жүгіріп барды. Нысанның үшінші қабатындағы кітапханаға беттегенін байқадық. Оқуға деген ізденістері жоғары.

Жиынның мақсаты –  жастарды қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, қолөнермен  айналысатын кәсіптер туралы мағұлматтар бере отырып, кәсіптік бағдар беру, мамандыққа деген ынтасын арттыра отырып, еңбекқорлыққа, ер балаларға ат әбзелдері жайында ақпарат беріп, олардың қызметтері мен жасалу материалдары жайлы мәлімет беру, шеберлікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру, әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әңгіме-диалогты қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева жүргізіп, «Қазақ халқының қолөнері» тақырыбында баяндама жасады.

Кеш «Өнер – таусылмас азық» бөлімінде жастарға қазақ халқының ертеден келе жатқан қол — өнерінің бірі — ат әбзелдерінің түрлері мен  жасалу әдістерін түсіндіре отырып, қатысушыларды әңгімеге тарта  әбзелдерді қалай әрі қай кезде қолданылатынын , әр әбзелдің атқаратын қызметтерін сұрап, жастардың жауаптарына қанық болдық. Білмегендеріне қосымша түсінік беріп, ойларын тереңдетіп, атадан қалған өнерді өлтірмей әрмен қарай жалғастыру парызы екенін айтып, кеңестерімен бөлісті.

Кеш соңында арнайы жасақталған  «Ұлттық құндылықтар ұмытылмайды» атты ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, шолу жасады. Сондай-ақ, кешке «Қолөнер мол өнер» слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Ат әбзелдері толыққанды ақпараттар беріліп, жастар қолөнер туындыларымен танысып, қолөнер бұйымдарын жасау арқылы мәдени ұлттық дәстүрімізді көрсете білдік және қатысушылар қызығушылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.