ӨСКЕМЕННЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

Өскеменнің құтқарушылары көпқабатты үйдегі өрттен 15 тұрғынды эвакуациялады, — деп хабарлайды asaaqparat.kz Tengrinews.kz ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 сәуірде Сәтбаев даңғылы бойындағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.

«Бірінші қабаттағы пәтер мен балкон өртенді. Сол өрт салдарынан жоғары қабатта орналасқан балконның сыртқы жабындары зардап шекті. Қауіпсіздік мақсатында 15 тұрғын кіреберістен баспалдақ арқылы эвакуацияланды», — деп хабарлады құтқарушылар.

Өрт сөндірушілердің келісілген іс-әрекеті жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайтын өртті ауыздықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі — электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.