«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Жуырда Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологы Динара Қалиева Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы мен мамандарына «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, психологиялық сауаттылықты жетілдіру, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Іс-шара барысында отбасылық қарым-қатынасты нығайту, тиімді коммуникация орнату, эмоциялық жағдайды басқару және отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері қамтылды.

Қатысушыларға тақырып аясында психологиялық тұрғыдан маңызды ақпараттар беріліп, өзара түсіністік пен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар мен практикалық тапсырмалар жүргізілді.

Тренинг соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, отбасыдағы үйлесімді қарым-қатынастың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

#ОтбасыБақытМекені #ЖамбылАуданы #ОтбасыҚұндылығы #отбасынқолдауорталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.