Президент тапсырмасы орындалды: Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылды

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту және өңірлердің өзара байланысын арттырудың маңыздылығын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Павлодар қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін әуежай толыққанды жұмысын қайта бастады.

Аэродром сертификаттаудан өтіп, тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді: ұшақтар Астана және Алматы қалаларына қатынауда. Әуежайдың толыққанды жұмысын қайта бастау үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары алынды. 17 тамызда авиациялық қауіпсіздік қызметі сертификатталса, 21 тамызда әуежайға аэродромның жарамдылық сертификаты берілді.

Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары ICAO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізілді. Бұл Павлодар облысы үшін ерекше маңызға ие. Өңірдің географиялық орналасуын ескеретін болсақ, жаңартылған инфрақұрылым оның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Павлодар аэродромы 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап жабық болған кезеңде мұнда ұшу-қону жолағын толық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағының ені 45 метрден 60 метрге дейін ұлғайтылды, жарық-сигнал беру жабдықтары, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері жаңартылып, әуежай аумағының периметрі бойынша жаңа қоршау орнатылды. Бұл мақсаттарға 16,4 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 9,3 млрд теңге арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.